Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

WHAT WE DO

We help you Build on your Future

ҰЖЫММЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

Джайлауова Жаннат Елемесқызы

Бас кітапханашы

Құрметті қала тұрғындары мен қадірлі оқырмандар! Атырау қалалық орталық кітапханалар жүйесінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Атырау қалалық орталық кітапханасы оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуді, кітап оқу мәдениетін насихаттауды және ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етуді басты міндеті санайды. Біз дәстүрлі кітап қорын байытумен қатар, заманауи технологияларды тиімді пайдаланып, барлық жастағы тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізудеміз. Кітапханамызда шығармашылық кездесулер, әдеби кештер, мәдени жобалар мен ағартушылық іс-шаралар өткізіліп отырады. Қазіргі таңда кітапханамыз көпшілікке арналған заманауи мәдени кеңістікке айналды. Біз әрбір оқырманның сұранысын ескеріп, жаңа мүмкіндіктер ұсынуға ұмтыламыз. Осы сайт арқылы кітапхана қызметімен танысып, жаңалықтарымызды оқып, өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат алып, өз ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді білдіре аласыздар. Сіздердің әрбір ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз біздің жұмысымызды жетілдіруге және қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді. Біз сіздерді кітапханамыздың тұрақты оқырманы болуға, мәдени-рухани іс-шараларға белсенді қатысуға және бірге білім мен руханияттың дамуына үлес қосуға шақырамыз. Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс және кітаппен достықтарыңыздың мәңгі болуын тілеймін! Құрметпен, Джайлауова Жаннат Елемесқызы Атырау қалалық орталық кітапханалар жүйесінің директоры

Әлеуметтік желілерде

Author Image
EXPORE OUR COLLECTION
LIBRARY

Take a look at what our members are saying about the library

OUR LATEST NEWS & ARTICLES

Stay Updated With Insights, Reading Trends, And Library Events